Қарағандылықтар медициналық сақтандыру қорына 788 млн теңгеден астам қаржы аударды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазан айында қарағандылықтар медицинаға 788 млн теңгеден астам қаржы аударды. Бұл сома медициналық сақтандыру қорына өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің төлеген жарналары мен жеке кәсіпкерлердің жасаған аударымдары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарының бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) аударудың жалпы сомасы - 1, 270 млн теңге. Өңірде 3 400-ден астам тұрғын медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың осы тәсілін таңдады. Олар ай сайын облыстық маңызы бар қалада тұратын болса 2 525 теңге (1 АЕК) немесе басқа елді мекендерде тұратын болса 1 263 теңге (0,5 АЕК) төлейді. Бұл ретте соманың 40%-ы медициналық сақтандыру қорына, 30%-ы зейнетақы аударымдарына, 20%-ы әлеуметтік сақтандыруға, 10%-ы жеке табыс салығына түседі.

«БЖТ төлеушілер күн санап артып келеді. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бұл түрі тұрақты табысы жоқ, ресми жұмысқа орналаспаған азаматтарға, мысалы, күтушілерге, репетиторларға, қосалқы шаруашылық иелеріне қолайлы.

БЖТ төлей отырып олар 2020 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен басқа медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне қол жеткізе алады», - дейді «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Соңғы жаңалықтар