Қарағандылықтар латын графикасына қолдау білдірді

None
None
 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Достық үйінде Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жайлы облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Отырысқа Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерқара Аймағамбетов жетекшілік етті. Отырыс жұмысына ғалымдар, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сарапшылар тобының, Аналар кеңесінің, шағын және орта бизнес, сондай-ақ жұртшылық өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Шарада білім беру ісінің ардагері Х. Қорекбаев, филология ғылымдарының кандидаты, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының доценті М. Тұрсынова, Қарағанды облысы Құрылысшылар қауымдастығының вице-президенті С. Ким, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облыстық ғылыми сарапшылар тобының жетекшісі В. Молотов-Лучанский, Қарағанды облыстық Жастар ресурс орталығының директоры А. Құрмансейіт баяндама жасады.

Шараға қатысушылардың барлығы қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуінің зор маңызына тоқталып, бұл дер кезінде жүргізіліп отырған реформа екенін тілге тиек етті. Отырыстың қорытындысына орай, облыстың Қоғамдық кеңесі Қарағанды облысының тұрғындарына үндеу жолдады.

Соңғы жаңалықтар