Қарағандылықтар қоқыс лақтыру үшін ағыны қатты автожолды еңсермейтін болады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының жекелеген аудандарында қоқыс алаңдары абаттандырылады. Коммуналдық қызметтер оларды қоршап, қоқыс жәшіктерін жаңартады, алаңдарға апаратын жолдарды жөндейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында қоқыс жинауға арналған алаңшалардың орнын ауыстыру жоспарлануда. Контейнерлерге арналған жаңа орындарды жел тармақтарын ескере отырып таңдау көзделіп отыр.

«Алаңдарды ауыстыру кезінде бірінші кезекте, олардың адамдарға қаншалықты ыңғайлы болатынын ескеретін боламыз. Мысалы, 14-ші шағынауданда контейнерлік алаңдардың біріне жету үшін қозғалысы қарқынды автожолдан өтуге тура келеді. Ал қоқысты көбінесе балалар шығарады. Жолдан өтпеу үшін бұл алаңды жолдың қарама-қарсы бетіне көшіреміз», - деп түсіндірді Октябрь ауданының әкімі Мейрам Қожухов.

Жақын арада қоқыс шығарумен айналысатын «Ресайклинг» және «ГорКомТранс» компаниялары контейнерлік алаңдарды абаттандыруға кіріседі. Оларды қоршап, контейнерлерді жөндейді, айналасы шалшық су мен балшық болмауы үшін жолдар салады.

Қоқыс жинауға арналған контейнерлер, сондай-ақ гараж массивтерінде де орнатылмақ.

Соңғы жаңалықтар