Қарағандылықтар карантинге қарамастан үйлену тойын өткізіп, би кешіне жиналған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Фараби» мейрамханасында мобильді топ 100 адамға жиналған той өтіп жатқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада ойын-сауық орындарын, қоғамдық тамақтану нысандарын, дүкендерді және т.б. орындарды тексеру жалғасуда.

Рейд барысында 10 қазанда Қазыбек би атындағы ауданның мобильді тобы Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын бұзылғанын анықтаған. Қарағанды қаласының С. Мұқанов көшесіндегі 28/2-үйде орналасқан «Фараби» мейрамханасында 100 адам жиналған үйлену тойы өткізілгені белгілі болды.

Мейрамхана иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы («халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Аталмыш бапта «жеке тұлғаларға - 30 АЕК мөлшерінде (83 340 теңге); лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК (638 940 теңге); орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 310 АЕК (861 180 теңге); ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1 600 айлық есептік көрсеткіш (7 500 600 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Карантин режиміне қарамастан, Гоголь көшесіндегі 86-үйде орналасқан «Бруклин» рестобарында 11 қазанда кешке 200-ге жуық адам би кешіне жиналған.

Ойын-сауық мекемесінің карантин шектеуін бұзғаны туралы материалдар Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының ТКҚСҚБ-ға берілетін болады.

Еске, сала кетсек, Қазыбек би атындағы ауданда алты мобильді топ жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар