Қарағандылықтар Бірлік күні мерекесіне орай үйлерінде еліміздің әнұранын орындады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғындары үйлерінде отырып,мерекелік флешмобқа қатысты.

Олар өз пәтерлерінің балкондарынан Мемлекеттік Әнұран мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап патриоттық әндерді орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Приканальная 19 үйінің тұрғындары өз әндерімен Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, барлық қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, қолдау көрсетті. Осылайша, олар өздерінің көңіл-күйіне карантин де әсер ете алмайтынын көрсетті.

«Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Біздің тұрғындар осындай концерт ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтерді. Барлығына үлкен рахмет! Біздің Қазақстан гүлденсін! Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін», - деді концерт тыңдаушыларының бірі.

«Мен Талдықорғаннан келдім, қонаққа келіп, карантинге байланысты осында ұзақ уақыт қалуыма тураы келді. Барлықтарыңызды бірінші мамыр мерекесімен құттықтаймын. Көршілер тамаша, осындай концерт ұйымдастырды. Оларға көңіл-күй, мереке сыйлағандары үшін рахмет. Бұл пандемия тезірек өтсін!», - деп Ақсотке Батырханова атты тұрғын өзінің ізгі тілегін білдірді.


«Бізде қазір карантин, бірақ біз үшін бұл қорқынышты емес. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, бір-бірлеріңізге көмектесіңіздер! Ең бастысы, біздің үйдің адамдары өте тату тұрады», - дейді үйдің тұрғыны Людмила Баранова.

Қарағандылықтар патриоттық флешмобты қолдады. Бүгін, 1 мамыр күні Көгілдір тоғандар шағынауданындағы 13-ші үйдің тұрғындары сағат 17:00-де, Тәттімбет көшесіндегі 13-үй тұрғындары сағат 18:00-де; Университет көшесін 25-үй – 19:00-де Қазақстанның әнұранын өз балкондарынан орындайды.


Соңғы жаңалықтар