Қарағандылықтар аймақтарға жас мамандарды тартудың жаңа әдісін ойлап тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық шенеуніктер жас дәрігерлерді аймақтарға тартудың жаңа әдісін ойлап тапты. Өңірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келетін медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттен болашақта алатын пәтерлерінің дизайны мен жобасын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болашақ дәрігерлердің таңдауына 3 үйдегі 100 пәтер ұсынылады. Олар Қарқаралы, Теміртау және Қаражалда орналасқан. Өтініштер барлық мамандардан қабылданады. Алайда басымдық акушер-гинекологтарға, неонатологтарға, инфекционистерге және жалпы тәжірибе дәрігерлеріне беріледі.

«Биылғы жыл - Жастар жылы деп жарияланған соң біз болашақ дәрігерлерге ыңғайлы болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырмыз. Тұрақты жұмыспен қоса түлектерге 100 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Және де тағы бір бонус - олар болашақ пәтерлерінің жобалауын өздері таңдайды»,- деп атап өтті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде ауылдық дәрігерлерге уақытша баспана жалға беріледі. Өтініш беру үшін аудандық әкімдікке барып, барлық қажетті құжаттарды жинау керек. Өтініштер қаралған соң болашақ дәрігерлер пәтер дизайны мен жобасын ақылдасу үшін әңгімелесуге шақырылады. Мұндай ниет білдірген жас мамандарға асығу керек, себебі жаңа баспанаға қол жеткізгісі келетіндер саны күн санап артуда.

Соңғы жаңалықтар