Қарағандылықтар ақ көбелектердің қаптап кеткенін айтып шағымданды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының тұрғындары ұсақ көбелектің қаптап кеткеніне шағымданып жатыр. Олар саяжайлар мен бақтарда, бау-бақшаларда, тіпті орталық мәдениет және демалыс саябағында да пайда болған. Бағбандар бұл жәндіктер өсмдіктерге зиян келтіреді деп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы аптада Қарағанды мен серіктес қалалардың тұрғындары әлеуметтік желілерде көбелектердің өсімдіктер мен жеміс-жидектерге келтіріп жатқан зияны жайлы жарыса жазып, шағым айтып жатыр.

Ал, кей тұрғындар керісінше, көбелектерден еш қауіп жоқ дейді.

Ұсақ көбелектер Қарағандының орталық саябағында да пайда болды. Қанатты жәндіктер адамдарға еш қауіп төндірмегенімен, өсімдіктерге өз зиянын тигізуде.

Тұрғындар көбелекті өсіп тұрған гүлге қонып, оны қырқып тастайды деп алаңдаулы.

«Кез келген жануардың, соның ішінде жәндіктер өткен жылға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Сонымен қатар ұсақ көбелектердің жыпырлап қаптап кетуі байқалды. Олар ешқандай қауіп төндірмейді. Әзірге олар зиянсыз деп айтар едім», - дейді эколог Дмитрий Калмыков.

Бағбандар ауылшаруашылық тауар өндірушілерден жәндіктерді жоюға арналған химиялық заттар мен арнайы препараттарды көптеп сатып алу жөнінде ұсыныс айтты.

Мамандардың айтуынша, өсімдіктерді тез арада дәрілеп, жәндіктерді улап, жою керек.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар