Қарағандылық жұмыс берушілерге МӘМС жарнасы мен аударымдары қайтарылып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының жұмыс берушілеріне МӘМС жарналары мен аударымдары қайтарылып жатыр. Неліктен бұлай болып жатқанын және мұндай жағдайда не істеу керектігін медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық сақтандыру қорында өңірдің жұмыс берушілерінен түскен өтініш саны артты.

Ұйымдар мен кәсіпорындарға кейбір қызметкерлер үшін жарна мен аударым қайтарылды.

Көп жағдайда қайтарудың себебі - қызметкердің білім ұйымының күндізгі бөлімінің студенті екендігі болды.

Мұндай азаматтар үшін медициналық сақтандыру қорына жарнаны азамат мемлекет білім беру ұйымына қабылданған сәттен бастап жүзеге асырады.

Демек, жұмыс берушілер студент-қызметкерлер үшін МӘМС төлемін төлеуден босатылады.

Қызметкер білім ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқанда жұмыс берушіге жарна мен аударым төлеудің қажеті жоқ.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде «Студент» санаты бойынша МӘМС төлемдерін қабылдауға форматтық-логикалық бақылау орнатылды, осыған байланысты төлемдер төлеушіге аталған тұлғалар үшін автоматты түрде қайтарылады.

Студенттер тізімін Азаматтарға арналған үкімет Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі деректерінің негізінде жасайды.

Өз кезегінде Азаматтарға арналған үкімет МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру үшін медициналық сақтандыру қорына жоғарыда көрсетілген деректері бар тізімді береді.

Қор азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтамайды және осы студенттер бойынша ақпараттық жүйеге түзетулер енгізуге құқылы емес.

«Егер қызметкер күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлға болып табылмаса, яғни оқу орнын бітірген, оқудан шығарылған және т.б. болса, онда осы жеке тұлғаның деректерін студенттер тізімінен шығару үшін, бірінші кезекте, өзінің оқу орнына немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне сол тұлға бойынша мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасынан шығару үшін жүгіну қажет», - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қоры филиалының бас сарапшысы Жанар Рақышева.


Соңғы жаңалықтар