Қарағандылық жауынгердің сүйегі арада 80 жыл өткенде туған ауылында қайта жерленеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Мәскеуде орналасқан Қазақстан елшілігіне 5 мамыр күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық сарбаз Медет Аманжоловтың сүйегі тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майданда қаза тапқан жауынгердің мәйіті 80 жылдан кейін отанына оралады. Туыстары солдаттың сүйегін үлкен сый-құрметпен туған ауылында жерлеуді жоспарлап отыр.

«Кеше менің ағамның сүйегі РФ-дағы Қазақстан елшілігіне берілді. Жақын арада оны Қазақстанға жібереді. Мұны 9 мамырға дейін жасау жоспарланған болатын. Карантин алынғаннан кейін біз оның сүйегін Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға алып келеміз. Ағамызды Ағадырға, әкесі мен ағасының қасына қайта жерлегіміз келеді», - дейді Медет Аманжоловтың немере інісі Арман.

Естеріңізге сала кетейік, Смоленск облысы Темкин ауданының аумағында іздеу-барлау шаралары кезінде «Тризна» іздеу бірлестігі» ӨЖҚҰ өкілдері 1917 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжоловтың мәйітін тапқан болатын.

Ол 1942 жылы майданда қаза тапқан. Сақталып қалған «қаза болу медальонының» арқасында қаза тапқан жауынгер есімі анықталды.


Соңғы жаңалықтар