Қарағандылық жастар Президент реформаларына қолдау білдірді
2022 жылғы 12 қаңтар 07:22

Қарағандылық жастар Президент реформаларына қолдау білдірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облыстың филиалының төрағасы Ержан Хамитов қарағандылық жастардың атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар пакетіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басы біздің еліміз үшін оңай болған жоқ. Бүкіл Қазақстан жаппай тәртіпсіздіктерге ұшырады. Кейбір қалаларда бандалық құрылымдар қылмыстық әркеттерге барды. Еліміз мемлекеттілікке қабілеттілік емтиханын тапсырды.

Бұл өте ауыр болды.

Бірақ біз емтиханды тапсыра алдық.

Ашығын айтқанда, Қазақстан аумақтық тұтастығын жоғалту шегінде болды.

Біздің қаламызда Жаңаөзенді қолдауға арналған бейбіт наразылық акциясы өтті. Мен митинг өткізу орнында болдым. Барлығы бейбіт, заңсыз әрекеттерсіз өтті. Сол үшін қарағандылықтарға алғысымды білдіремін», - деді Ержан Хамитов.

Сондай-ақ «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы президенттік реформалардан кейін жарқын болашаққа үміт білдіретінін жеткізді.

«Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәжілісте реформалар пакетін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тағайындалды.

Алдағы реформалар еліміздің әлеуметтік-саяси дамуына оң әсер ететініне сенімдімін.

Жақын арада антитеррористік операция аяқталады. Тәртіпсіздіктерге қатысы бар барлық тонаушылар мен тұлғалар заңның барлық қатаң баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Құрметті жерлестер, сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және коменданттық сағатты қатаң сақтауға шақырамын», - деді «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ төрағасы.


Jańalyqtar

MURAǴAT