Қарағандылық жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмыспен қалай қамтылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Қарағанды облысында «Күміс жас» жаңа жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жоба зейнет жасына жақындаған азаматтарды зейнетке шыққанша тұрақты еңбекке орналастыруды қарастырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің осы және басқа да құралдары туралы Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар айтып берді.

Төлеу Қайратұлы, 2022 жылы Қарағанды облысының тұрғындарына арналған жұмыспен қамтудың қандай шаралары қолға алынды?

- Ағымдағы жылы шамамен 41 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде: субсидияланатын жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру, осал топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындары, түлектер үшін жастар практикасы, бірінші жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар үшін «Күміс жас» жобасын енгізу кіреді.

- Өңір үшін бұл жабалардың пайдасы қандай?

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көрсетілетін шаралары жұмыссыздық деңгейін 4,6% деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

- Жаңа жұмыс орындары қалай құрылады?

- Өткен жылдың соңында ҚР Үкіметі он Ұлттық жобаны бекітті, онда негізгі индикаторлардың бірі жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Ағымдағы жылы Ұлттық жобалар аясында 25 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жаңа жұмыс орындары келесі Ұлттық жобалар аясында құрылады:

- «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту»;

- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»;

- «2021-2025 жылдарға қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу»;

- «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс»;

- «Білімді ұлт» сапалы білімі»;

- «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау»;

- «Жасыл Қазақстан»;

- «Ұлттық Рухани Жаңғыру»;

- 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы.

- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде.

- Жастарға келетін болсақ, өңірде жас қарағандылықтарды жұмысқа қалай тартуды жоспарлап отыр және оларға қандай қолдау шаралары көрсетіледі?

- Жастарды жұмыспен қамту шараларына белсенді тарту мақсатында Жастар тәжірибесіне - 721 түлекті, «Бірінші жұмыс орны» жобасына - 238 жасты, сондай-ақ «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 34 адамды жіберу жоспарланып отыр.

Егер жастар тәжірибесіне ЖОО мен колледждердің түлектері ғана жіберілетін болса, онда бірінші жұмыс орнына жоғары және орта білімі жоқ жұмыссыз жастарды да жіберуге болады.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы оқуды 2 жыл ішінде аяқтаған және 25 жастан аспаған оқу орындарының түлектері үшін кейіннен адамды зейнеткерлік жасқа толған қызметкердің бос жұмыс орнына ауыстыру шартымен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, бизнес идеяларды іске асыру үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 250 адамды оқыту және жастарға 385 грант беру жоспарлануда.

ҚР Президентінің 11.01.2022 жылғы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік гранттар мөлшері 200 АЕК-тен (613 мың теңге) 400 АЕК-ке дейін (1,2 млн.тг.) ұлғайтылатын болады.

- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қаншалықты тиімді? Өткен жылы ол қандай нәтижелер көрсетті?

- Өткен жылы жастар тәжірибесіне 1041 адам жіберілді, жастар практикасын аяқтағандардың ішінен тұрақты жұмысқа 721 адам немесе 70% орналастырылды.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің 11.01.2022 жылғы тапсырмасына сәйкес шарттар өзгертіледі, яғни «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін ұлғайту жоспарлануда.

Жастар тәжірибесі – ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін, ал төлемақысы 25 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бірінші жұмыс орны – ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін, жалақы 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін өседі.

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру азаматтарға не береді? Бағдарлама қаншалықты тиімді және Қарағанды облысында қандай нәтижелер бар?

- 2021 жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту бойынша 42 мыңнан астам адам (42 423) қамтылды (жоспар – 41 мың адам), оның ішінде 37 478 адам жұмысқа орналастырылды (88%).

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар жұмыссыздық деңгейін - 4,6% (2021 жылғы 3 – тоқсан) сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жалпы ҚР бойынша көрсеткіш - 4,9% құрайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 2021 жылы аяқталды.

Бүгінгі күні халықты жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша барлық тетіктер кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде көзделген.

- Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамту саласын жақсарту бойынша басқа да бір шаралар жоспарда бар ма?

- Биылдан бастап жаңа «Күміс жас» жобасы жүзеге асырыла бастайды. Жоба зейнет жасына жақындаған азаматтарды зейнетке шыққанша тұрақты жұмыс орнына орналастыру шартымен жобаға тартуды көздейді.

«Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау мерзімі 12 айға дейін мерзімді құрайды.

Ағымдағы жылы жобаға 534 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар