+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Қарағандылық жастар «Birgemiz» жалпы облыстық акциясына қатысты

2020 жылғы 6 ақпан 14:23
Бөлісіңіз:
Қарағандылық жастар «Birgemiz» жалпы облыстық акциясына қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қаңтар айында басталған аумақтарды қардан тазалау «Birgemiz» жалпы акциясы күн сайын жалғасын табуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы күреске қаржы аударуда #Biz birgemiz!: Алматыда жалғыз басты қарт адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі Жамбылдық іскер әйелдер «Жақсылық акциясын» ұйымдастыруда

Акцияның мақсаты – облыстың қалалары мен аудандарында көшелер мен аулаларды қар басуына байланысты қарт адамдардың, майдангерлердің, халықтың әлеуметтік осал топтары және мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларын қардан тазалауға көмек көрсету.

Күн сайын қарттар орталыққа аулаларын қар басып қалғанын, осы жағдайға байланысты көмек керек екендігін айтып хабарласады. Сол себепті де Орталық волонтерлермен бірлесіп, аулаларды қардан тазалауға жұмыла кірісуде.


2020 жылдың 5 ақпанында Қарағанды қаласы Автомобильная, 29 көшесінде тұратын тыл ардагері 90 жастағы Любовь Полянская тұратын үй ауласының қарын тазалауға волонтерлер білек сыбана кірісті. Бұл кейуанаға үйіне апаратын жолдың жабылып қалуы, жедел жәрдем көлігінің кіре алмауы үлкен кедергілер мен қиындықтар туғызған еді.

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы Жайнагүл Дамысхан бұл акцияның бір күндік науқан емес екендігін және ары қарай тұрақты түрде өтіп тұратынын мәлімдеді.

«Волонтерлер қатарына қабылданғаннан бері мұндай игі шараларға үнемі қатысып келемін. Орталық мүшесі болғандықтан, қамқорлыққа зәру жандарға жәрдем беру қоғамдағы белсенділігім – менің азаматтық парызым. Барлық замандастарымды, қатарластарымды жүрек қалауына еріп, аталмыш акцияға қатысуға, қарт адамдарға жәрдемдесуге шақырамын», - дейді Қарағанды техника-құрылыс колледжінің волонтері Дамир Ержанұлы.

Ауласын қардан тазартқан еріктілерге қариялар да алғыстарын білдіруде.



«Осындай игі іспен айналысып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың батасы мен алғысын арқалаған ерікті жастарға ризашылығымды білдіремін. Жеңістің 75 жылдығына Волонтер жылы тұстас келгені көңілді қуантады. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанған саясатын аға буын өкілдері айырықша қамқорлық деп біледі. Жақсылық пен мейірімділік, құрмет пен ізгілік көрсететін осындай жастар қатары көбейе берсін», - дейді Любовь Полянская.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша 100-ге тарта еріктілер акцияны жалғастырып, қарттардың ауласын қардан тазалауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT