Қарағандылық жастар арасындағы поэзиялық жекпе-жек нәтижесі жарияланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жезқазғандық студент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысының жастары арасындағы поэзиялық дуэльде бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығармашылық жекпе-жекті Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырды. Байқауға барлығы 20 жас ақын қатысты. Олар қазылар алқасына үш шығармадан ұсынды. Олардың бірі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбына арналды, содан кейін офлайн-форматта өз өлеңдерінің бірін оқыды.



Нәтижесінде, бірінші орынды Жезқазған қаласының Музыкалық колледжінің 4-курс студенті Мәди Олжабай иеленді. Екінші орында – Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 2-курс оқушысы Жанерке Кадербек. Үшінші орынды Қарағанды университетінің 4-курс студенті және бірінші курс студенті Бектас Жұман мен Тілеужан Қамыспаев өзара бөлісті.


«Мен бесінші сыныптан бастап өлең жазамын. «Анаға арнау» атты алғашқы өлеңін анасына арнадым. Байқауға үш туынды ұсындым – «Мен қазақпын», «Абай – бір әлем» және «Кешірші, жаным». Ал финалда «Сен мені...» және «Мен ғашық бола алмай жүрмін» өлеңдерін оқыдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Осы байқауға дейін де белгілі бір жетістіктерге жеткен едім – облыстық конкурстарда екі рет Гран-при алдым, сондай-ақ аудандық Абай оқуларында бірінші болдым», – деді Мәди Олжабай.

Байқау қатысушыларына алғыс хаттар мен арнайы мүсіншелер табысталды. Жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Үздік өлеңдер Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар