Қарағандылық жас шахматшы халықаралық турнирде бірінші орын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық шахматшы Даниял Сапенов Serbia Chess Open – 2021 халықаралық турнирінде алтын жүлде жеңіп алды. Он екі жасар спортшы жалпы 9 ұпайдың 8-ін жинады. Әуесқойлар арасындағы топқа 30 елден 194 шахматшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даниял 7 жасынан бастап шахматпен айналысады. Анасы оны үйірмеге бастауыш сынып мұғалімінің кеңесі бойынша апарған.

«Мұғалім шахмат математикаға көмектесетінін айтты. Сүйікті шахматшым – Анатолий Карпов. Менің алғашқы жаттықтырушым – Геннадий Пак. Қазір мені Виктор Максименко жаттықтырады. Онымен бірге мен Serbia Chess Open турниріне бардым. Қиын болды, түрлі елдердің қатысушыларымен ойнадым. Ең ауыр партия түрік шахматшысымен болды және ол бес сағатқа созылды», – дейді Даниял.

Шахматтан КСРО спорт шебері Виктор Максименко осындай ірі жарыстарда жеңіске жету шахматшының тағдырындағы маңызды кезеңдердің бірі деп санайды.

«Қарағанды облысының Шахмат бойынша аға жаттықтырушысы ретінде біздің тәрбиеленушіміздің осындай өкілдік турнирде бірінші орынға ие болғанына өте қуаныштымын. Біз Даниялға үлкен үміт артамыз. Сербиялық турнирде бірінші орын бір нәрсені білдіреді: балалар шахматының өткелінен өтті, үлкендерге ауысатын кез келді. Бұл бойынша біз жақын арада жұмыс істейтін боламыз», – дейді ФИДЕ шебері Виктор Максименко.

Даниялдың ата-анасы оның спортқа деген құштарлығын қолдайды.

«Оның алғашқы спорт түрі – жүзу. Біз оны дене шынықтыру үшін бердік. Содан кейін ол тхэквондоға барды. Біздің ойымызша, бұл спорт түрі өзін қорғай алу үшін керек. Ал, содан кейін шахмат. Оқудың бірінші жылында ол бірден төрт сыныптан өтті», – дейді баланың анасы Айман Сапенова.

Даниял Қазақстан чемпионатында бірінші орын алғаннан кейін, гроссмейстерлер онымен айналыса бастады. Бұл біздің жерлесіміз Рустам Хуснутдинов және Қазақстан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Павел Коцур. Аптасына үш рет ол әрқайсысымен айналысады. Сонымен қатар, аптасына төрт рет бала Виктор Максименкомен ойнайды.

Даниялдың әкесі Қанат Сапенов ұлы туралы қайсар, шыдамды, еңбекқор және мақсатқа ұмтылған спортшы екенін айтады.

«Бірнеше жыл бұрын ол өзінің болашағын өзі таңдады. Кәсіби шахматшы болғысы келді. Бүгінде ол қаланың үш дүркін чемпионы, облыстың үш дүркін чемпионы, 2020 және 2021 жылдардағы республика чемпионы, екі кезеңдегі Қазақстан Кубогының иегері. Халықаралық жарыстарға сәтті қатысады. Болашақта ол халықаралық шеберді алады», – дейді Қанат Сапенов.

Тамыз айында Даниял Сапенов Мәскеуге Михаил Ботвинник мемориалына барады.



Соңғы жаңалықтар