Қарағандылық жас дәрігерлерге тұрғын үй сертификаттары берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда денсаулық сақтау саласының жас мамандары тұрғын үй сертификатына ие болды. Дәрігерлерге «Jastar - senim men serpin» республикалық форумында әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіподақ форумының эстафетасын Қарағанды Қостанайдан қабылдады. Осыған дейін аталмыш іс-шаралар Атырау мен Қызылорда қалаларында да өткен болатын.

Кеншілер қаласына республикамыздың 16 облыстарынан 220 делегат келді. Екі күн ішінде форумға қатысушылар кәсіби мәселелерді талқылады. Жас дәрігерлер үшін шеерлік сабақтары мен тренингтер, мәдени және ойын-сауық бағдарласы ұйымдастырылды.

«Senim Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық комитеті 500 мың теңгеге қайырымдылық сертификатын үлестірді. Форум барысында оларды ауылда жұмыс істейтін 21 жас маманға табыс етті. Бұдан басқа, тұрғын үй сертификаттарын беретін әлеуметтік қолдаудың жаңа бағдарламасы жарияланды. Бұл мақсатқа 120 млн теңге бөлінді», - деді кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов Қарағанды медицина университетінде өткен форумның жабылу салтанатында.

Сертификат құны жарты миллион теңгеден миллион теңгеге дейін. Бұл қаражат жас дәрігерлерге пәтер алу үшін бастапқы жарнаны толық төлеуге мүмкіндік береді.
null

Тұрғын үй сатып алуға Теміртаудан келген жас тіс дәрігерлері көмек алды. Мөлдір Сәрсенбаева мен Нұрислам Өмірбек металлургтер қаласына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіргеннен кейін Түркістаннан шақыру бойынша келген. Олар №4 қалалық емханада жұмыс істейді. Ерлі-зайыптының айтуынша, Теміртау оларға өте ұнады, олар бұл жерде ұзақ уақыт қалуды жоспарлап отыр.
null

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде және облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында жұмыс істейтін екі қарағандылық медик- Самал Әбілдаева мен Мәдина Шайхинаға да тұрғын үй сертификаты табыс етілді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов форумға қатысушыларды құттықтап, жас дәрігерлерге алғыс хаттар табыс етті.
null

Соңғы жаңалықтар