USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қарағандылық волонтерлер бір айда 16 мың адамға көмек көрсетті

2020 жылғы 8 сәуір 22:16
Бөлісіңіз:
Қарағандылық волонтерлер бір айда 16 мың адамға көмек көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Сарыарқа жастары» облыстық волонтердер штабы құрылды. Онда кез келген тұрғын қоңырау шалып, көмек сұрай алады. Еріктілер тапсырыс қабылдап, қарт адамдарға дүкеннен азық-түлік, дәріханадан дәрі-дәрмек жеткізеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік себетін үлестіріп жатыр Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты Еріктілер 10 қарағандылық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Штабта қазір 150 ерікті жұмыс істейді. Еріктілер қозғалысына қосылуға ниет білдірушілер Belsendi Azamat платформасында тіркеле алады (сайт https://ba09.kz/).

Жалпы облыс бойынша еріктілер қатарында мыңнан астам адам бар. Тек соңғы айда олар 158 акция өткізіп, 16 мыңнан астам адамға көмектесті. Бұл 5 000-нан астам көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қарт адамдар, мүгедектер және басқа да әлеуметтік қорғалатын санаттар.


Еріктілер демеушілер бөлген 16 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік таратты. Сондай-ақ, олар мұқтаждарға тарату үшін көп рет қолданылатын маскалар тігуді ұйымдастырды.

Қауіпсіздікті сақтау – маңызды фактор, деп атап өтті штабта. Волонтерлер маскалармен, резеңке қолғаптармен және антисептикпен қамтамасыз етіледі.

Еріктілер штабының телефондары: (8-7212) 40-21-33, 8-701-339-37-33 (WhatsApp), 8-702-6357331 (WhatsApp).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT