Қарағандылық суретші Дубайдағы Expo 2020 көрмесіне өз картиналарын қойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының танымал суретшісі және антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков Дубайдағы Expo 2020 көрмесінде (БАӘ) қырықтан астам картинасын ұсынды. Халықаралық алаңда суретші туындыларының көрмесін «Әлем картинасы» жобасының жетекшісі Дәіут Шайхисламов ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлем суреті» жобасына сай 2 020 адам 5 х 1,20 метр өлшемді үлкен кенепте өз іздерін қалдыруы керек. Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров өз таңбасын алғашқылардың бірі болып енгізді. Қорытындылай келе, кенепте барлық 2 020 адам таңбасын қалдырған соң, жобаны ұйымдастырушылар суретті өндеп, Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге болатын әлем суреті пайда болады», – дейді Кәріпбек Күйіков.

Кәріпбек Күйіков EХРО-да алған әсерін қыл қалам арқылы бейнелеп, бірнеше жаңа картиналар жазды.

«Эмоциялар көп. Көрмеде көрген барлық дүниеделрден алған әсерімнің арқасында менде бірнеше сурет пайда болды. Солардың бірінде мен су үстіне салынған Дубайдың жаңа қонақ үйін суреттедім», – деп бөлісті суретші.

Суретші БАӘ-де екі апта болып, жақында үйіне қайтты. Желтоқсанда ол «Әлем картинасы» жобасын аяқтау үшін тағы да Дубайға барады.

Ал оның жұмыстары EХРО көрермендерін қуантуды жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар