Қарағандылық студенттер Тәуелсіздік күніне тарту жасады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды университетінің студенттері Тәуелсіздік күніне орай әннен шашу шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студенттер еліміздің туын жатақхана терезелері мен балкондарына іліп, «Атамекен» әнін орындады. Бұл туралы Білім және ғылым минстрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева Facebook-тегі парақшасында жазды


Оның айтуынша, бүгін Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков мереке күндері жатақханада қалған студенттерді құттықтауға барған. Жоғары оқу орнының басшылығы студенттермен кездесуге торттар апарып, жастармен мерекелік шай ішті. Университетті дамыту бойынша жоспарларымен бөлісіп, студенттердің идеялары мен ұсыныстарын тыңдады. Ал волонтер жастар оған алғыс ретінде әннен шашу шашып, патриоттық бейнероликтерін әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Мөлдір Абдуалиева университеттердің баспасөз қызметі студенттер мен ЖОО әкімшілігінің қатысуымен желілерде түрлі мерекелік акцияларды жариялап жатқанын атап өтті. Жоғары оқу орындары университет мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлауға және қолайлы жағдай жасауға басымдық беретінін айтты.


Соңғы жаңалықтар