Қарағандылық спортшылар халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі спортшылар екі алтын, бір күміс және бір қола медальді қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш қарағандылық спортшы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен жеңіл атлетикадан беделді халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғады. Марракеш қаласында (Марокко) өткен жарыста 34 елден 350 спортшы бақ сынаған болатын. Қарағандылық жеңіл атлеттер республика намысын лайықты қорғап қайтты.

Екі алтын медальді Руфат Хабибуллин жеңіп алды. Ол 100 метрге жүгіруде және найза лақтыруда үздік атанды.

Дастан Мұқашбеков диск лақтыруда күміс, ал ядро итеруде қола жүлдені иеленді. Осы нәтижесінің арқасында ол нормативті орындап, қараша айында Дубайда (БАӘ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар