Қарағандылық спортшылар гір көтеру жарысынан сегіз медаль жеңіп алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық төрт спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Ташкентте өткен Азия чемпионатында гір спортынан ашық Азия ойындарында (МСГС) көзге түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қарағандылықтар қоржынына сегіз медаль салды– үш алтын, төрт күміс және бір қола.

Азия чемпионатында кәсіпқойлар арасындағы «ұзын цикл» жаттығуында Александр Комаров (73 кг-ға) және Роман Герасименко (78 кг-ға) «күміс» жеңіп алды. Игорь Эрзямкин (к/к – 85 кг) үшінші орынды иеленді. Ардагерлер арасында Юрий Брель алтын медаль (к /к – 85 кг), ал классикалық қоссайыста «күміс» ұтып алды.

Ашық Азия ойындары (МСГС) аясында Александр Комаров пен Игорь Эрзямкин бірінші орынға ие болды. Роман Герасименко тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Қарағанды облысының гір спорты бойынша аға жаттықтырушысы – Александр Комаров.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Қырғызстан, Корея және Жапония құрамаларынан озып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.


Соңғы жаңалықтар