Қарағандылық сот залында өзін өлтірмек болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды сот залында сотталушы өзіне өзі қол жұмсамақ болып әрекеттенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аппеляциялық алқа қаулысын жариялағаннан кейін сотталғандардың бірі өзімен бірге алып келген ұстараның жүзімен өз-өзі жарақаттаған.

Абырой болғанда, оның әрекеті дер кезінде тоқтатылып оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта сотталушының жағдайы қанағаттанарлық.

Облыстық соттың БАҚ жөніндегі үйлестіруші судьясы Еркеш Маукентің айтуынша, аталған сот ісі Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында дизель отынын ұрлау фактісі бойынша қаралып жатқан.

«Балқаш қалалық сотының биылғы жылғы 26 ақпандағы үкімімен аталған адамдар ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша сотталған.

«Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 16 мамырдағы қаулысымен аталған тұлғаларға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды», - деп хабарлады үйлестіруші судья.

Апелляциялық соты сотталған адамның алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасағаны, оларға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлағаны үшін сотталған адамдардың кінәсі істің нақты мән-жайларына толығымен сәйкес келеді деген қорытындыға келді.

Соңғы жаңалықтар