Қарағандылық соғыс ардагерлері де саяси науқаннан тыс қалмады
2022 жылғы 5 маусым 17:18

Қарағандылық соғыс ардагерлері де саяси науқаннан тыс қалмады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда соғыс ардагерлері референдумда дауыс беруге қатысты. Сайлау учаскесіне келе алмаған қарияларға үйден дауыс беру мүмкіндігі жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасауға соғыс ардагері Бүркіт Есжанов келді. Қария елдегі елеулі оқиғаны ескерусіз қалдырмай дауыс бергенді жөн санапты.

«Мен бүгін өзімнің референдум учаскеме бардым. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік, амандық, гүлдену және ашық аспан тілеймін. Жастар еліміздің тірегі болсын. Ал, біздің балалар ешқашан соғысты көрмесін», - дейді соғыс ардагері Бүркіт Есжанов.

Учаскелер таңғы 7-де ашылғанына қарамастан, кейбір тұрғындар сағат алтыдан күткен.

«Біздің учаскемізде референдум өткізуге тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабиналар да бар. Біз сондай-ақ, үйде дауыс беру үшін өтінімдерді қабылдадық. Мұндай санаттағы адамдар үшін өз жұмысын түске дейін бастаған арнайы топ ұйымдастырылды», - дейді №170 учаскенің төрайымы Амантай Соғысбай.

95 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Рассказимов үйде дауыс беруге ниет білдірді. Оған мамандар портативті урнамен барды. Учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Рахымғазы Тәнікеновтың айтуынша, №149 учаскеде үйден дауыс беруге 26 өтініш түскен.

«Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізу туралы ақпаратты алдын ала зерделедім. Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен біз осы саяси оқиғаның маңыздылығын талқыладық», - дейді Николай Рассказимов.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT