Қарағандылық шенеуніктер арасында заң бұзушылық азайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Әдеп кеңесі мемлекеттік қызметшілердің заңсыз артық жұмыс істеу көрсеткіштері төмендегенін мәлім етті. Сонымен қатар, соңғы үш жылда тәртіптік істердің үлесі 50% қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінде Әдеп кеңесінің 2018 жылда атқарған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өтті. Соңғы мәліметтерге сай, мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейінің өсуі байқалады. Мысалы, егер Тәртіптік кеңес жұмыс жасаған 2015 жылы қаралған тәртіптік істердің үлесі 60%-ды (53 іс) құраған болса, 2018 жылы Әдеп кеңесімен қаралған тәртіптік істердің үлесі тек 32%-ды (25 іс) құрады.

Алайда, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері де кездеседі. Мәселен, 2018 жылы Әдеп кеңесінің ұсынысы бойынша 24 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 9-ы қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін және 15-і мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, Әдеп кеңесімен мемлекеттік қызметшілердің құқығын сақтау, оның ішінде заңсыз артық жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдардың жұмыс тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күні 8 сағатты құрайды. Іс жүзінде үстеме жұмыс әдетте өтелмейді және кейде рұқсат берілген нормалардан асып та кетеді (бір күнде 2 сағаттан артық).

Бүгінгі таңда артық жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу бойынша қабылданған шаралар жалпы алғанда оң нәтижелер көрсетіп отыр. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардағы артық жұмыс істеудің төмендеу динамикасы байқалады. Сондай-ақ артық жұмыс істеудің төмендеуіне қолжетімділікті бақылау мен басқару жүйесін енгізудің тиімді әсер еткендігін айта кету қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталмыш жүйе артық жұмыс істеу фактілерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда жүйе 81 мемлекеттік органға енгізілді.

Артық жұмыс істеумен күресудің тағы бір жолы -жұмыс күні аяқталғаннан кейін компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесі болып табылады. Қажет болған жағдайда қызметкерлер компьютерлерінің жұмысын тек мемлекеттік орган басшыларының рұқсатымен ғана ұзартуға құқылы. Қазіргі күні компьютерлерді өшіру жүйесі 125 мемлекеттік органдарда орнатылған. Аталмыш жүйе әкімшілік шығындарға, атап айтқанда электр энергиясын тұтынудың, техникалық құралдардың тозуының төмендеуіне және тағы басқаларға да оң ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, артық жұмыс істеу фактілерін жою мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік органдарды инспекциялау жүргізіледі. Мәселен 2018 жылы мемлекеттік қызметшілердің 255 артық жұмыс істеу фактілері анықталды.

Барлық жағдайда да мемлекеттік қызметшілердің құқығы қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар