Қарағандылық шам шығарушылар Мордовиядағы ғылыми алаңды пайдаланбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпкерлер делегациясы бизнес-міндетпен Мордовия Республикасының астанасы - Саранскіде болып қайтты. Сапардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде және жарық теxникалық өнеркәсіпте іскерлік байланысты кеңейту туралы келісім жасалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бизнес-міндетті Мордовия Республикасының өнеркәсіп, ғылым және жаңа теxнологиялар министрлігінің жәрдемдесуімен Экспортты қолдау орталығы ұйымдастырды.

- 20-дан астам жарық теxникалық, кабельдік және тағамдық кәсіпорындар қазақстандық әріптестерімен серіктесіп жұмыс істеуге ниет білдірді. Экспортты қолдау орталығы мен Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін іскерлік байланысты кеңейтуге көмек көрсетуге бағытталған өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды, - дейді Аймақтық кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Әлібек Момынбеков.

Саранскіде қарағандылықтар А. Н. Лодыгин атындағы жарық көздерін ғылыми-зерттеу институтының мүмкіндіктерімен танысып қайтты.

Екі жақ та қызығушылық білдіруде: ҒЗИ жарық шамдарын қазақстандық нарыққа жеткізу әдістерін іздестіруде, ал қарағандылықтарға өз өнімдерін сынақтан өткізуге арналған аккредиттелген зертxана қажет.

Екі республика кәсіпкерлері арасында екі жақтық келіссөздер жүргізілді. Қазақстан Мордовияның ірі серіктестерінің бірі болып табылады, республиканың жалпы экспортының 21% үлесі бідің елге тиесілі.

Соңғы жаңалықтар