Қарағандылық шахтерлер Геннадий Головкинге қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағандылық шахтерлер Геннадий Головкинге қолдау білдіретін флешмобты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Геннадий, мен сенің әкеңмен Қарағанды шахтасында ұзақ жыл жұмыс істегенмін. Талай рет жер астына түстік. Әкеңнің мықты, қайратты жан екені көрініп тұратын. Сендей ұлды тәрбиелеп өсіргені де тегін емес. Біз саған жанкүйерміз, біз сені жақсы көреміз. Ата-бабаңның, әкеңнің рухы қолдасын. Сенен тек жеңіс күтеміз», - дейді кеншілер.

Еске салайық, Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Кездесу аралық салмақ - 164 фунтта (74,3 кг) өтеді. Геннадий үшін бұл кездесу екі себеппен ерекше болмақ. Біріншіден, жаңа бапкері Джонатан Бэенкспен алғашқы айқасы. Екіншіден, жуырда тиімді келісімшартқа қол қойған DAZN стримингілік платформасындағы тұңғыш жекпе-жегі.

Бокс кешін қазақстандықтар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы - 9 маусым, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен таңғы сағат 06:00.

Айта кетейік, кештің андеркартында қазақстандықтар Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2КО), Бақтияр Эюбов АҚШ-тың тағы бір өкілі Брайан Себальомен (8-0, 4КО) кездеседі.

Ә.Ахмедов WBC титулы үшін сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар