+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қарағандылық полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті

2019 жылғы 1 қараша 23:40
Бөлісіңіз:
Қарағандылық полицейлер жалғызбасты анаға көмек көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық тәртіп сақшылары үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

Ұқсас жаңалықтар
Байдың табысында кедейдің несібесі бар - ай сайын 50 отбасына көмектесетін ұстаз Арыста медицина қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті Қостанайлық қайырымды жандар көпбалалы ананың үйін жөндеп берді

Қарағанды полицейлері Октябрь ауданының Рабочий ауылында тұратын толық емес отбасына барып қайтты. Бірнеше жылдан бері Айнұр Жапарова жалғыз өзі үш баланы тәрбиелеп отыр. Бүгінгі күні жалғызбасты әйел көмекке мұқтаж және көмір сатып ала алмай отырғанын жеткізген.


Оның әлеуметтік және тұрмыстық проблемалары туралы естіген жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері қиын кезеңде әйелге материалдық көмек көрсетуді ұйғарған. Тәртіп сақшылары отбасына азық-түлік пен көмір сатып әперді. Сонымен қатар қысқы отын дайындап, сарайдағы шатырды бекітті және ауласын тазалап берді.


«Біз бұл отбасына көмектесу бастамасын бірауыздан қолдадық. Бір-ақ күнде қаражат жинап, негізгі қажеттіліктерді сатып алдық. Біз осындай отбасыларға көмектесуге мүмкіндігі бар адамдарды өзгелердің проблемаларына немқұрайлы қарамауға шақырамыз», - дейді полиция жедел уәкілі, жедел-құтқару жасағының аға инспекторы полиция капитаны Марат Нұрғалиев.


Өз кезегінде жалғызбасты ана полицияға үлкен ризашылығын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT