Қарағандылық полицейлер мемлекеттік тілдің маңызы туралы айтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер мемлекеттік тілді білу деңгейлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда «Толерантты тілдік орта - рухани жаңғыру негізі» атты конфессияаралық форум өтті.

«Біздің қызметкерлер тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тілдерді дамытудың барлық мүмкіндіктерін ашатынын және Қарағанды облысының полиция департаменті осы бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді қатысады» - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев.

Жиында ішкі істер органдары қызметкерлерін мемлекеттік тілге үйретуде бірлесіп жұмыс істеудің тетіктері мен бағыттары сараланды.

Полиция қызметінде еңбек ететін түрлі ұлт өкілдері мамандары мемлекеттік тілді толерантты ортада тез үйренгенін айтты. Барлығы қазақ тілін тұрмыстық тілге айналдырғанда ғана, оны меңгеру анағұрлым тез жүретінін айтуда.

Форум барысында Департаменттің шығармашылық ұжымы мен шақырылған әртістер патриоттық әндер шырқап, халық аспаптарында ойнады.

Бұқар жырау ауданы полиция басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі, полиция старшинасы Дмитрий Абермет өзінің ұлты - неміс болса да, оның отбасында қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас тілі екендігін айтуда.

«Мен және менің отбасы мүшелерім қазақ жерінде туып-өскен. Балаларымыз қазақ мектебінде білім алуда», - дейді Дмитрий Абермет.

Іс-шара соңында белсенді топ өкілдеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айта кету керек, бүгінгі күні Ішкі істер органдарының қатарында 20 ұлт өкілі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар