Қарағандылық полицейлер қаза тапқан әріптестеріне арнап ән жазды (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД-інде кәсіби мерекенің құрметіне өткізілген концертте өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлерге арналған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«25 әріптесіміз қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тауып, берген анты мен өз халқына адал болып қалды. Бүгін арамызда олардың ата-аналары, әйелдері, балалары отыр. Біз оларды ешқашан ұмытпауымыз керек, себебі олардың жұбайлары - әкелері әрқашан жүрегімізде тірі болып қала береді», - деді салтанатты жиналыста сөз сөйлеген Қарағанды облыстық ІІД-нің бастығы, полицияның генерал-майоры Мергенбай Жаппаров.

Ол қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына сыйлықтар табыстады. Мерекелік концертте қаза тапқан полицейлерге арнап шығарылған «Ерлік дастаны» атты ән шырқалды. Оны Оңтүстік-Шығыс ПБ ювеналдық тобының инспекторы, полиция лейтенанты Қуаныш Медеубаев пен облыстық ІІД мұражайының директоры Айжамал Айтжанова жазған. Жаңа музыкалық композицияның бейнебаянын ІІД-нің баспасөз қызметінің қызметкерлері түсірді. Бұл ән қаза тапқан полицейлер туыстарының көңілін елжіретті. Қарағандылық полицейлер сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ІІБ қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Соңғы жаңалықтар