Қарағандылық полицейлер қаладағы атыс туралы ақпарат таратушыны іздеп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полиция қызметкерлері қалада болған атыс туралы жалған ақпаратты жариялаған адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.қар

WhatsApp желісі арқылы Көкпекті ауылының маңында екі қылмыстық топ өкілдерінің арасында атыс болып, граната да қолданылғандығы туралы ақпарат тарады. Бұл ретте хабардың авторы ретінде ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі аталады.

«Хабардың жанында кім екені белгісіз жаралы азаматтың суреті таратылуда. Аталған ақпараттың «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сайтында жарияланбағандығын хабарлаймыз», деді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хатшысы Бақытжан Құдияров.

«Атыс туралы ақпарат жалған»,-деді ол.

Оқырмандарға мұндай ақпараттың «ҚазАқпарат» сайтында жарияланбағандығын хабарлаймыз.

«Мұндай фактілер болған жоқ. Осы ретте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274 бабы негізінде іс қозғалып, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкіндігін хабарлаймыз. Расталмаған және жалған ақпараттарды тарата отырып, азаматтар қоғамдағы тұрақтылықты бұзады»,-дейді Құдияров.

Соңғы жаңалықтар