Қарағандылық полицейлер балаларға арналған мультфильм құрастырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық тәртіп сақшылары «Полицей болғым келеді» атты мультфильм шығарды. Мультипликациялық картина Қарағанды қаласының мектеп жанындағы лагерьлерде көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқа метражды анимациялық фильм Полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленді. Мультипликациялық картина негізіне ҚР ІІМ ардагері Нұрлан Телагисовтың өлеңдері енгізілді. Сюжет бойынша құмда ойнап отырған үш бала өтіп бара жатқан патрульдік машинаны көреді. Балалар бір-біріне полицияда жұмыс істейтін әкелері туралы айта бастайды. Содан кейін олардың жанына зейнеткер келеді. Ол балдырғандарға нағыз заң қызметшісі қандай болу керектігін және полицей болу үшін не істеу қажеттігін әңгімелейді.

Мультфильмде сондай-ақ, қазақстандық полиция қызметкерлерінің ерлігі айтылады. Мәселен, оқушыларды алып келе жатқан автобустың жүк көлігімен соқтығысуының алдын алу үшін өз өмірін қиған жол полициясының инспекторы Қайрат Жұмабеков және жанып жатқан пәтерден төрт баланы құтқарған учаскелік инспектор Дәурен Алтаев туралы баяндалады.

Мультфильм Қазақстан полициясы күні қарсаңында түсірілді.

Соңғы жаңалықтар