+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Қарағандылық полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдіктіден пара алған

2019 жылғы 4 сәуір 16:56
Бөлісіңіз:
Қарағандылық полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдіктіден пара алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін пара алған полиция майоры әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қарағанды облысы бойыншы департаменті ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция басқармасы Мұстафин кентінің полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майорының парақорлық фактісін анықтады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Полиция майоры жаяу жүргіншіні қағып өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін азаматтан 300 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті деп танылған.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», - деді А. Бердалин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT