Қарағандылық полицей кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында «алтын» алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицей Италияның Римини қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионатына 36 елдің спортшылары қатысты. Қазақстанның және шахтерлар қаласының намысына бұл жарыста полицияның аға лейтенанты Михаил Татьков қорғады. Ол 81 салмақ дәрежесінде алтын медальға лайықты деп танылды.

Бұл 25 жастағы спортшының тұңғыш бағындырған белесі емес. Ол кикбоксингтен ҚР спорт шебері, сондай-ақ ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. Кикбоксингтен ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі. Сондай-ақ халықаралық дәрежедегі жарыстардың жүлдегері.
nullnull

Соңғы жаңалықтар