Қарағандылық параспортшылар Әлем кубогында 37 медаль жеңіп алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жүзу бойынша Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылықтар 37 медаль, оның ішінде жеті «алтын» ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Венецияда өткен турнирдің бірінші кезеңіне алты қарағандылық қатысты. Олардың үшеуі - Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев пен Әлия Рахымбекова қатарынан кубоктың екі кезеңіне қатысып, Венеция мен Берлинде жарысты.null

Спортшылар 20 медаль, оның ішінде 2 «алтынды» Италиядан алып келді. Тағы 17 медаль, оның ішінде бес «алтын» - Германияда қол жеткізген жетістік. Жүзгіштер атап өткендей, екінші кезеңде көрсеткен өнер сәтті шыққан.

«Біз жақсылап бой жаздық, Италияда сәтті жүздік деп ойлаймын. Онда 50 метрлік бассейн бар. Біздің Қарағандыдағы жаттығу бассейніміз оған қарағанда анағұрлым кішірек. Сондықтан жаңа нысанға үйрену керек болды. Әрине, бұл Венециядағы нәтижелерімізге біраз әсер етті. Бірақ екінші кезеңде Берлинде біз әбден төселіп, икемделіп алдық. Сондықтан көрсеткіштеріміз әлдеқайда жақсы болды», - дейді спортшы Наталья Звягинцева.

Қазір жүзушілер Лондонда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

Айта кетейік, Қарағанды мамандандырылған мүгедектер спорт мектебінде 144 адам жүзумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар