Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде өткен біріншілікте 17 медаль жеңіп алды

2019 жылғы 12 маусым 21:10 514
Бөлісіңіз:
Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде өткен біріншілікте 17 медаль жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық паралимпиадашылар Берлинде жүзуден Әлем кубогының кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп xабарлайды ҚазАқапарт тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Зарина Дияс рейтингте 89-орынға көтерілді «Астана» велошабандозы Санчес «Швейцария турының» екінші кезеңінде жеңіске жетті

Қарағанды облысы атынан ұлттық құрама сапында үш спортшы өнер көрсетті: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев және Әлия Раxымбекова. Олар 17 медаль жеңіп алды: - бес алтын, төрт күміс және сегіз қола.

Біріншілікке 65 елден көру мүшелері мен тірек-қимыл аппараты зақымданған  500-ден астам спортшы қатысты.

Наталья Звягинцева қазақстандық құраманың қоржынын 12 медальмен толықтырды, оның ішінде төрт алтын жүлде бар. Қарағандылық спортшы аралас эстафетада және 50, 100, 200 метр қашықтықта жүзуде үздік атанды.

Әлия Рахымбекова эстафетада бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Андрей Афанасьев 50 метр қашықтықта брасспен жүзуде екінші орынды және аралас эстафетада үшінші орынды иеленді.

Спортшылар ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Наталья Манохина, Инга Горбатова, Евгения Ракитинаның басшылығымен шұғылданады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қарағанды облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT