Қарағандылық палуандар екі матчтық кездесуде АҚШ құрамасынан басым түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында Америка Құрама Штаттары мен Қарағанды облысы спортшыларының арасында еркін күрестен матчтық кездесулер өтті деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.  

Үш кездесудің екеуінде жеңіс қарағандылықтарға бұйырды. 

Сайыстың барлық қатысушылары - студенттер. Қазақстанда мұндай спорттық шара алғаш рет Бұған дейін америкалық қарсыластармен қазақстандықтар тек ірі халықаралық сайыстарда ғана күш сынасқан еді. 
Қарағандыға келген АҚШ спортшыларының барлығы университет студенттері арасындағы чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Делегация жетекшісі - Джон Петерсон Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Мюнхен, 1972 ж.), Монреальдағы Олимпиада ойындарының чемпионы (1976 ж.). Қонақтар командасының бас жаттықтырушысы - Стив Барред. Ол Әлем чемпионатының жүлдегері, АҚШ біріншіліктерінің бірнеше мәрте жеңімпазы.

А Қарағанды облысының атынан өнер көрсеткен спортшылар ҚР чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

- Осында сапарымыз күрделі болды, ұзақ уақыт ұштық. Мұндағы күрес мектебі мықты екенін көріп отырмыз және осында келгенімізге қуаныштымыз. Біздің спортшылар сіздердің палуандармен жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болғаны қандай жақсы. Сапарымыз осында келген балуандарымыздың көңілінен шығып отыр. Мен кеше фэйсбукте бір палуанымыздың жазбасын оқыдым - ол парақшасында «бұл бір керемет кездесу болды» деп жазыпты. Негізі еркін күрес АҚШ-та өте танымал. Мен Калифорнияда туып, өстім. Онда еркін күрес бойынша 800 мектеп командасы бар. Мичиганда, Миннесотада күрес бойынша 400-500 команда бар, - дейді АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Стивен Барред. 

Қонақтар қарағандылық палуандардың өзіндік стилі бар екенін атап айтуда. Сондай-ақ олармен бір кілем үстінде күресу - жаңа тәсілдерді үйренуге тамаша мүмкіндік екенін айтады. 

- Америкалықтар өздерінің төзімділігімен ерекшеленеді, олардық күрес мектебі сондай. 2015 жылы Әлем чемпионатында мен америкалық палуанмен күресіп, одан жеңіліп қалған болатынмын, ал бүгін жеңіске жетіп отырмын, - дейді 2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, қарағандылық палуан Дархан Қалкенов. 

Үш матчтық кездесу қорытындысы бойынша қарағандылық спортшылар жеңіске қол жеткізді. Бұған қоса Америкадан келген қонақтар үйлеріне Достық Кубогын алып кетті. 

Соңғы жаңалықтар