+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Қарағандылық отбасылар бір күндерін кітапханада өткізді

2019 жылғы 13 қыркүйек 16:58
Бөлісіңіз:
Қарағандылық отбасылар бір күндерін кітапханада өткізді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Нұра ауданының Байтуған ауылында кітапханашылар отбасымен бірге кітап оқу үрдісін қалыптастыруда. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша мұнда «Бүкіл отбасымен кітапханаға» акциясы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу бастамашылары адамның мәдени дамуы үйдегі тәрбиеге, отбасында туындайтын дәстүрлерге байланысты екендігін атап өтті. Кітапханашылар аталмыш шараны Отбасы күні мерекесінде ұйымдастыруы да бекерден емес. Оқу залына келген ауыл тұрғындарына мерекенің тарихы туралы айтылды. Жиналғандар отбасылық байқаулар мен викториналарға қатысты. Балалар үлкендермен бірге жұмбақтар мен ребустар шешті. Ата-аналар балалармен бірге, ал әжелер немерелерімен қосылып, отбасы бірлігінің нышаны ретінде өз алақандарын суретке салып, онда тілектерін жазды.

Шара соңында барлық қатысушылар өздерінің отбасы ағашын «өсіріп шығарды».




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT