Қарағандылық өнерпаздар Испанияда халықаралық байқаудың лауреаты атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының №36 мектебінің «Кербез» хореографиялық ансамблі «Dance factory» халықаралық байқауының ІІ дәрежелі лауреаттары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық байқау Испанияның Льорет-де-Мар қаласында наурыздың 23-і мен 31-і аралығында өтті. Өнер сайысына әлемнің 18 елінен 10-12 жас аралығындағы 1000-нан астам биші қатысты. «Кербез» ансамблі халықаралық сайыста екі хореографиялық композициясын ұсынды - «Сылқылдақ» қазақ биі және «Хорезм» өзбек биі.

«Біздің басты мақсатымыз Қазақстанды лайықты деңгейде таныстыру болды. Менің ойымша, ол қолымыздан келді. Қазақ биі көрермендерді сиқырлы әуенді музыкасымен, түрлі-түсті ұлттық костюмдерімен және кербездігімен баурап алды», - дейді ансамбль жетекшісі Ажар Омарова.

Гала-концертте 120 конкурстық би қойылымдарынан ең үздіктер таңдап алынды. Бағдарламаны ашу құрметі қарағандылықтарға бұйырды.

«Кербез» ансамблі II дәрежелі лауреат атанды. Қатысушылар байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушыларынан атаулы дипломдар алды. Сондай-ақ ұжымға Испания билігінің өкілдері гравировка түрінде қосымша диплом және елтаңбалы қағазға жазылған алғыс хат табыс етілді.

«Балалар итальяндық хореографтың шеберлік сыныбына қатысты. Жаңа білім алып, өздерін жаңа бағытта сынап көрді. Байқаудан кейін 200 қатысушы бірігіп Жерорта теңізінің жағалауында би биледі. Бұл өте әдемі әрі ғажайыпқа толы көрініс болды. Сапар өте мазмұнды болды деп санаймыз. Барселона қаласына шолу экскурсиясында болып, көптеген атақты тарихи орындарды көрдік. Олардың арасында Саграда Фамилия шіркеуі, триумфалды арка, Монжуик тауы, Франциядағы Каркасон бекінісі мен Барселона Camp Nou футбол клубының стадионы бар», - деді Ажар Омарова.

Соңғы жаңалықтар