+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Қарағандылық оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 15:09
Бөлісіңіз:
Қарағандылық оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының №104 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздіктің жетістігі» тақырыбында республикалық сынып сағаты ұйымдастырылды. Шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге және оң дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық оқушылар Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуде Түркістан облысында мектеп кітапханалары жаңартылады Барлық түлекке колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады

Іс-шараның құрметті қонақтары «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова, кәсіпкер және меценат Ерлан Әшім, ҚР еңбек сіңірген қайраткері ақын Дидар Қами болды.

– Мені тарихшы көзқарасымен жастарға Отанымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табыстары туралы айтып беру үшін сынып сағатына шақырды. Менің ойымша, еліміздің жетістіктері жетіп артылады. Кем дегенде, елде керемет мектептер салынып жатқанын алайық. 104-ші гимназияның өзі бұған дәлел. Балалардың мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндігі бар. Білім беру саласында жаһандық өзгерістер болып жатыр. Жыл сайын педагог мәртебесі артып келеді. Ғылым мен технология дамып келеді. Мұның бәрі біздің егемендігіміздің көрсеткіші, – деп атап өтті Нұрсахан Бейсенбекова.

Спикер мектеп оқушыларын бейбітшілік пен бірлікті бағалай білуге, білімге ұмтылуға және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырды. Балалар да шетте қалмай, болашақ арман- жоспарларымен бөлісті.

– Мен «Жыл оқушысы – 2021» қалалық байқауының жүлдегерімін. Сондай-ақ, менің ұстаздарым мен мектбімнің арқасында қол жеткізген көптеген марапаттарым бар. Болашақта өз еліме пайдамды тигізгім келеді. Себебі қазір менде сапалы білім алу үшін барлық жағдай бар. Қазір біз үшін барлық есік ашық екенін бағалаймын, – деді №104 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Сымбат Аманкелдина.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT