Қарағандылық оқушыларға арналған жаңа өлкетану оқулығы жарық көрді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Руxани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 5-7 сынып оқушылары үшін «Өлкетану» оқулығы құрастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа оқулықтың тұсаукесері Облыстық тариxи-өлкетану мұражайында педагогтардың, сарапшылар және ата-аналар қауымының қатысуымен өтті. Оқулықты дайындау барысында құрамына Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері енген авторлық ұжым жұмыс істеді. Сондай-ақ өлкетанушылар, аймақтық тариxи-өлкетану мұражайлардың қызметкерлері көмектескен.

«Өлкетану» курсы біріктірілген болып табылады, оның құрамында тариx, география, әдебиет, мәдениет, музыка, өнер және т.б. пәндер кіреді. Мақсаты - оқушыларға тек туған өлкесі туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында зерттеулік қызығушылықты ояту болып табылады. Өлкетану туралы қарағандылық оқулық еліміздегі үздіктердің бірі болып танылды.
«Оқулық жаппай таралыммен мемлекеттік тапсырыс бойынша бюддеттік қаражат есебінен басылып шығарылады. Оны облысымыздың барлық орта білім беру мектептері алады, жәнеде 1-ші қыркүйектен бастап сабақта қолданылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.

Соңғы жаңалықтар