Қарағандылық оқушылар гидропоника әдісімен өсімдік өсіруді үйренеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының оқушылары арнайы құрылғыда өсімдіктерді қалай өсіруге болатынын үйренеді. Өңірімізде «Жасыл өсімдіктерді гидропоника және аэропоника әдісімен өсіру» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында биология және информатика пәндерінің мұғалімдері үшін оқыту семинары өтті. Шара білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған. Ұстаздарға жоба туралы, мақсаттар мен оқу әдістемелері туралы айтылды. «ZERTIS» компаниясының бірлескен құрылтайшылары мен «Гидропоника оқушылар үшін» кабинетін құрушылар жобаның жүзеге асырылу алгоритмін түсіндіріп берді.

«Гидропоника кабинеті бізде қыркүйекте ашылды, - дейді «Мұрагер» ММИ директоры Нұрғазы Өтебаев. - Біздің оқушылар осы технология мен құрылғыларды қолдана отырып, құлпынай, бидай, райхан, жалбыз, бұршақтар өсіреді. Бұған қоса, олар кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Мысалы, райхан шөбінің бір келісі 8000 теңге тұрады, оны өсіре алса, сатып болған соң әрі қарай жұмыс жүргізуге тұқымдар сатып ала алады».

Гидропоника кабинеті өсіруші жабдықтары және суда өсімдік өсіруге арналған құрылғылары бар арнайы парталармен жабдықталған.

Биология пәнінің мұғалімі Мадияр Әбділдаровтың айтуынша, гидропоникада ең бастысы - сумен қамту.null

«Гидропоника» атауы грек тіліндегі «гидро» - су және «пòнос» - жұмыс сөздерінен шыққан. Барлық «жұмысты» су атқарады. Сондықтан мұнда өсімдіктерді өсіруге қандай суды қолданатынымыз маңызды», - дейді ол.

11-сынып оқушысы Назым Әзілхан болашақта өз жылыжайын салуды армандайды. null

«Мен гидропоникамен шұғылданамын. Маған өсімдіктер туралы ғылым бұрыннан ұнайды. Мұнда мен бидай өсіріп шығардым. Гидропониканың артықшылығы - процесті толықтай өзіміз қадағалайтынымызда. Егер өсімдік далада өссе, топырақтағы құнарлы заттардың концентрациясы қандай екенін нақты білеміз. Онда құнарлы заттардың мөлшері тым көп немесе аз болса, өсімдіктер солып қалады. Ал мұнда біз барлығын өзіміз қадағалап отырамыз. Өсімдік жақсы өсуі үшін суға қанша құнарлы заттар салу керектігін есептейміз. Осында алған білімім маған болашақта көмектеседі деп сенемін. Мен өзімнің жеке жылыжайым болса деп армандаймын. Ол жерде гидропоника әдісін қолданамын», - дейді Назым Әзілхан.

Гидропоника кабинеттерінде өсіру процестерін қадағалайтын «датчиктер» бар. Оларды компьютерге немесе смартфонға қосып, процесті қашықтықтан қадағалауға болады.null

«Біздің кез келген жобамыз аймағымыздың қандай да бір әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған, - деп атап өтті директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Лариса Антощук. - Мысалы, осы ретте біз қаланы көгалдандыру бойынша жобаларды ұсына аламыз. Осылайша, балалар аталмыш пән бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өз шешімдерін де ұсына алады. Бұл болашақта дамуы мүмкін бизнес идеялар болып табылады».

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының мектептерінде осы секілді 8 гидропоника кабинеті жабдықталған. Қосымша тағы 10 кабинетке жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар