Қарағандылық оқушылар балалар үйі тәрбиеленушілеріне бағдарламалау негіздерін тегін үйретеді

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Мейірімділік көпірі» клубының еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілерін бағдарламалау негіздеріне үйретеді. Бірінші сабақ осы сенбіде өтеді. Қазір балалар үйінде қажетті компьютерлік жабдықтарды орнату аяқталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін бағдарламалауға оқыту бойынша әлеуметтік жобаның бастамашысы – 12-сынып оқушысы Томирис Мадиева. Ол ZHAS PROJECT – 2022-ден өз жобасын жүзеге асыру үшін грант алған. Қыз бала қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, мектеп клубының еріктілерімен бірге оқу жоспарын жасады және осы сенбіде сабақ өткізуге кіріспек.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі «Мейірімділік көпірі» клубының педагогтары мен еріктілері Қарағанды балалар үйінің дамуында кешеуілдеу бар тәрбиеленушілеріне арналған әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша жұмысты бастады«, – дейді NIS-тен. - Жақында 9-11 сынып оқушыларынан құралған волонтерлер информатика мұғалімдері Әйгерім Әбдікашева, Людмила Устинова және клуб жетекшісі Гүлнар Сейітованың басшылығымен ұйымдастырушылық ақпараттық кездесу өткізді. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілерін курстың жоспарымен және мазмұнымен таныстырды».

Сондай-ақ, еріктілер балаларды біріктіруге бағытталған тренингтер өткізді, олар бір-бірімен жақынырақ танып, қызығушылықтары туралы айтып, болашақ жоспарлары және армандарымен бөлісті.

«Жобаның арқасында еріктілер Peer to Peer әдісі бойынша оқыту тәжірибесіне ие болады, нақты іс-әрекеттерде әлеуметтік тәжірибеге ие болады, белсенді өмірлік ұстанымы бар тұлға ретінде дамитын болады», - деп атап өтті еріктілер клубының жетекшісі Гүлнар Сейітова.



Соңғы жаңалықтар