Қарағандылық оқушылар «ақылды» бағдаршам мен робогид құрастырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «KazRoboProject-2019» ғылыми-техникалық жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысып жатқан қарағандылық оқушылар «Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазылар алқасы екі жас санаты бойынша: 10-15 және 16-21 жас аралығындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді таңдады. Кіші топта Қарағанды қалалық № 9 гимназиясының оқушылары Данил Мищенко және Алан Құрмановтың (жетекшісі - Елена Ильина) энергия үнемдейтін «ақылды» бағдаршам жобасы үздік деп танылды.

Жоғары топта Теміртау қалалық № 1 гимназиясының оқушылары Антон Федоров пен Ирина Ким (жетекшісі - Евгения Кадысева) «Қала бойынша Робогид» жобасымен жеңіске жетті. Теміртаулық жоғары сынып оқушылары құрастырған робогид трамвайда қатынап, қаланың көрнекті орындарымен таныстырады.

Жоба авторларының айтуынша, олар көліктің осы түрін кездейсоқ таңдамаған. Себебі трамвай желілері еліміздің бірнеше қалаларында ғана, оның ішінде Теміртау қаласында қалған. Оқушылар трамвай құрастырып, қала картасына ұқсастырылған төсем бойынша қозғалыс бағдарын әзірлеген. Жобаны жасауда 3D-модельдер қолданылған.
null

Жеңімпаз командалар биылғы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін байқаудың ақтық сайысында облыс намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, жарыс Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде өтті. Сайысты «Казроботикс» республикалық білім беру және спорттық робототехника федерациясының облыстық филиалы және «RoboClub» ЖШС бірлесе ұйымдастырды. Сонымен қатар шараның серіктестері ретінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры, Қарағанды облысының Білім басқармасы, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі және бірқатар компаниялар шықты.

null

Соңғы жаңалықтар