+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Қарағандылық оқушы Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегері атанды

2021 жылғы 28 шілде 17:43
Бөлісіңіз:
Қарағандылық оқушы Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегері атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Рақым Баймурзин 62-ші Халықаралық математика олимпиадасының (IMO) қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандылық оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтылды Алматы облысында 57 оқушыдан коронавирус анықталды Қарағанды облысында мектеп оқушыларды скринингтен өтеді

Биылғы жылы жас математиктердің жарысы онлайнда өтті. Олимпиадаға әлемнің 107 елінен 600-ден астам оқушы қатысты. Қарағандылық Рақым Баймурзин алты адамнан тұратын қазақстандық командаға енді. Құрама алты медальға ие болды: бір алтын, үш күміс және екі қола.

«Тапсырмалар қиын болды. Нәтижесі қанағаттандырды. IMO-да 2022 жылы өнер көрсетіп, өз деңгейімді көрсете аламын деп үміттенемін», – дейді Рақым Баймурзин.

Жас математиктің көптеген жетістіктері бар. Ол XVII Халықаралық Жәутіков және Халықаралық Азия-Тынық мұхит математика олимпиадаларының күміс жүлдегері, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік олимпиадасында және жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екінші орын алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT