Қарағандылық оқушы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды

None
Фото: Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Жайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Джонс Хопкинс Университеті АҚШ-тың үздік он оқу орнының қатарына кіреді, QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 24-ші орынды иелденген. Университетке түсу рейтингі 6,5 % құрайды. Бұл дегеніміз жыл сайын мыңдаған үміткерлердің ішінен тек 6%-ы ғана оқу орнында білім алуға шақырылады.

Адинаға сонымен қатар University of Pittsburgh, Michigan State University мен Northeastern University сияқты оқу орындарынан шақырту келген.

John Hopkins University оқу орнында қарағандылық Адина Жайлова биохимия саласы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.
«Нақты мамандықты екінші курстың аяғына қарай таңдай аламын. PhD дәрежесін алып, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесімді қосқым келеді» – дейді ол.
Джонс Хопкинс университеті – АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. Бүгінгі таңда университет түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.
Соңғы жаңалықтар