Қарағандылық мұғалім Юрий Пак бостандыққа шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сенбі, 17 маусымда, Қарағандыда ОӘД-ге  мина қойды деп жалған хабар бергені үшін сотталған  Юрий Пак бостандыққа шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол ҚК 273-бабы бойынша 2 жылға сотталған. Кейіннен ол бостандығынан айыру мерзімін айыппұлға ауыстыру өтінішімен сотқа жүгінген. Абай аудандық сотының судьясы Естай Исабеков қолдаухатты қанағаттандырып, оны 170 мың 742 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жазаға ауыстырды.

Юрия Пакты туыстары мен мектеп оқушылары күтіп алды. Юрий көп сөз айтпады.  
null 

«Туыстарым,  оқушыларыммен қауышқаныма қуаныштымын. Осы күнді ұзақ күттім», - деді Юрий.

Еске салсақ,   2016 жылғы 3 қазанда Юрий Пак 2 жылға сотталған. Тергеу нұсқасы бойынша,  2015 жылғы 14 сәуірде  физика пәнінің мұғалімі  полицияға қоңырау шалып, Қарағандыдағы орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғанын хабарлайды.  Алайда педагог ол күні әріптестерінің жанында болғанын, ал телефонын басқа кабинетте қалдырғанын айтып, кінәсін мойындамаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар