Қарағандылық монополистердің тарифтерді төмендетуінен 2 млрд теңге үнемделді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындары наурыз айының басында коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтері мен есептері көрсетілген түбіртектер алады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Шот үлгісі қандай болатынын монополияға қарсы ведомство өкілдері көрсетті.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша облыс, қала және аудан әкімдіктері мен біздің Департамент коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша жұмыс жүргізді. Бұл бастаманы табиғи монополиялардың барлық субъектілері қолдады. Тарифтер облыс бойынша 10%-ға дейін төмендеді. Тұтынушылар мұны наурыз айында алатын түбіртектерден білетін болады», - деді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы Арман Өтегенов.
Оның айтуынша, облыста тарифтердің төмендеуінен жалпы үнемділік мөлшері 2 млрд теңгені құрайды.

Монополистер тарифтерді мүмкіндіктерге байланысты әр түрлі көлемде төмендетті. Мысалы, Қарағандыда электр энергиясы мен суық су 5%-ға, жылу энергиясы 3,5%-ға, кәріз қызметтері 3%-ға арзандады.

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайту және ішкі шығындарды оңтайландыру арқасында тарифтерді төмендеу мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар өңірде қоқысты шығару, лифттерге қызмет көрсету, сондай-ақ баллонды газ бағасы 4-5%-ға төмендеді.

Ал ПИК қызметін өтейтін төлемақылар бойынша, яғни жылжымайтын мүлікке қанша төлейтінін тұрғындардың өздері шешулері тиіс.

Соңғы жаңалықтар