Қарағандылық құтқарушылар балалар үйіне жаңа жылдық сыйлық апарды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері Жаңа жылдық кешке қатысты. Бүлдіршіндер мен барлық тәрбиелеушіле ұжымын шын жүректен Жаңа 2020 жылмен құттықтады.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелері бірнеше жыл қатарынан тұрмыстық мәселелер бойынша қолдарынан келер көмегін аямай, шараларды ұйымдастыруда атсалысып, «Құлыншақ» балалар үйінің балаларымен араласып тұрады.

«Құлыншақ» тәрбиеленушілері барлық балалар сияқты жаңа жылда тәтті сыйлықтар алды.

Көмегін аямай, қызметкерлердің балалар үйінің өміріне белсене қатысып, жан жомарттығын танытқаны үшін, «Құлыншақ» балалар үйінің директоры Светлана Буркеева Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаевқа алғыс білдірді.

Жаңа жыл таңғажайып мереке, осы уақытта балалар сиқырлық боларын күтіп, бақытты ертегіге сенеді. Біздің қолымыздан келері балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға махаббатымыздың бір бөлшегін сыйлап, жылдың ең басты мейрамын одан әрі бақытты және мейірімді ету.




Соңғы жаңалықтар