Қарағандылық құтқарушылар әскери қызметшілер үшін оқу-әдістемелік жиын өткізді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері ҚР Ұлттық Ұланының «Орталық» РМКК 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін сабақ ұйымдастырды.

10-14 ақпан аралығында мұнда құтқару және әскери-медициналық дайындық бойынша оқу-әдістемелік жиын өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында әскери құрылымдардың командирлеріне су басу аймағында құтқару жұмыстарын жүргізу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтылады. Апаттық-құтқару, эвакуациялау құралдарымен және өзге де құрал-жабдықтармен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндіріледі. Тыңдаушыларды жарақат алып, күйік шалғанда және үсігенде, уланып қалғанда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары үйретіледі.

Оқу-жаттығуды «Жедел-құтқару жасағы» ММ кәсіби құтқарушылары, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жүргізеді.


Әр дәрістен кейін оқу орталығында тәжірибелік сабақтар өтеді. Бұл тыңдаушыларға өткен материалды бекітуге және алған дағдыларды пысықтауға көмектеседі. Оқу-әдістемелік жиын қорытындысы бойынша әр қатысушы тестілеуден өтеді.

Азаматтық қорғаныс басқармасы одан әрі адамдарды құтқару және төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары мен білімін жетілдіру үшін осындай жиындарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар