Қарағандылық кәсіпкерлер блокпостарға ыстық ас апарып берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Карантинге байланысты қиын кезеңде қарағандылықтар бас біріктірді. Кәсіпкерлер өз денсаулықтарын қауіпке тігіп, қызмет атқарып жүрген полицейлер мен медицина мамандарын қолдауға бел буды. Блок бекеттерге палау және бешбармақ секілді ыстық ас жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Игі іске Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожаның қолдауымен «Мансұр» ТҚКО және «Аспап» ЖК бастамашы болды. Осындай шараны басқа қарағандылықтар да жүзеге асырды.

Жеткізу кезінде санитарлық талаптар сақталған.

«Мен өзім полицияда 10 жылдан астам қызмет еттім. Қазіргі таңда бұрынғы әріптестерім қандай жуапкершілікті мойындарына алғанын жақсы түсінемін. Осы қиын сәтте оларға моральдық қолдау көрсетіп, қайсарлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Коронавирус пен ТЖ режимі мен карантин жақын арада аяқталады деп үміттенемін. Тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр болған жерлестеріміз шаңырақтарына, өз отбасына қайта оралсын», - дейді кәсіпкер Қуандық Ғабдуалиев.

Игі істер мадақ пен бедел үшін жасалып отырмағанын атап өтті облыстың бас имамы.

«Бір-бірімізге моральдық және материалдық көмек көрсетейік. Қиындықтарды бірге өткері анағұрлым оңай болады. Өздеріңізді сақтаңыздар, карантин талаптарын орындаңыздар!» – деп Өмірзақ Бекқожа қарағандылықтарға үндеу айтты.

Соңғы жаңалықтар