Қарағандылық кәсіпкер шемішке қабығында саңырауқұлақтар өсіруде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде кәсіпкер Әлия Жұматаева аспа саңырауқұлақтарын өсіруді дамытуда. Экологиялық таза отандық өнім тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Тауар Қарағандыға және облыстық басқа да қалаларында таратылады. Бұл туралы әкімдіктің сайты хабарлайды.

Кәсіпкер әйел «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау құралдарының бірін пайдаланған.

Осыдан екі жыл бұрын Әлия Жұматаева бизнес-жоспарын қорғап, өз ісін дөңгелетіп алып кетуге 1,8 млн теңге көлеінде грант ұтып алған. Ол «Топар жылыжайларында» бір 2000 шаршы метр аумақта жерді жалға алып, онда саңырауқұлақ фермасын ашқан. 

«Мамандығым бойынша мен есепшімін. Он жыл бұрын Қарағанды облысына Петропавлдан көшіп келдім. Әрдайым жан-тәніммен саңырауқұлақтарды жақсы көрдім. Сөрелерде тек импорттық қозықұйрық саңырауқұлақтар ғана болатын. Өз ісімді ашуға бел буғанда, осы саланы таңдадым. Біріншіден, ол импортты алмастыру және тұтынушыларды сапалы, экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету. Біз ешқандай химикаттарды қолданбаймыз. Жоба сәтті жүріп кетті. Енді өз қаражатымыз есебінен консервілеу бекетін ашуды жоспарлап отырмыз: саңырауқұлақты тұздап, олардан икра жасағымыз келеді, - дейді кәсіпкер әйел.

Оның айтуынша, алдымен аспа саңырауқұлақтарды сабанда өсіруден бастаған, алайда оның жұмысы да, шығыны да көп болған. Сонан соң басқа материалды көрген - күнбағыс шемішкесінің қабығын. Ол жақсы өнімділік бере бастаған.

Шемішке қабықтарын Алматыдан, өңдеу зауыттарының бірінен алып келеді. 

Саңырауқұлақ фермасының қуаттылығы айына 8000-9000 тонна өнім өсіруге мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар